Елорда әкімдігі осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
“Тұран даңғылы – негізгі көшелердің бірі. Мұнда интернет те, 5G де, 4G де жоқ”, - деді астаналық.
Жазба авторының сөзінше, Астана орталығында самокат немесе велосипед теуіп келе жатып осылайша “мертігіп” қалуға болады.
“Бұқар Жырау және Тұран көшелерінің қиылысында жақын маңдағы үйлерге кәріз желілерін салуға байланысты тас төсемі опырылды. Оны қалпына келтіру жұмыстарын Нұра ауданы әкімінің аппараты 1 қазанға дейін жүргізеді”, - делінген Нұра ауданы әкімі аппаратының тілшісіне берген ақпаратында.
Сонымен қатар, құрылыс кезеңінде ауданда 2000 шаршы метрден астам төсеніштер жөнделіп, тротуарлардың жаңа желілері салынғаны атап өтілді.