Астанада 22 шілдеден "Жас кәсіпкер" жобасы басталады

1678

Жобаға қатысу жастарға 200 АЕК (505 мың теңге) көлеміндегі грант немесе жеңілдікпен несие түрінде бастапқы капитал алуға мүмкіндік береді.

Астанада 22 шілдеден "Жас кәсіпкер" жобасы басталады

"Жас кәсіпкер" бағдарламасы шеңберінде "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанаты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Тараптар "Жас кәсіпкер" жобасына жастарды тарту мәселесінде өзара әрекеттесуге келісті.

"Нұр-Сұлтан қаласында жоба 22 шілдеде басталады. Бизнес негіздерін игеріп, келешекте кәсіпкер болғысы келетін 18-29 жас аралығындағы жастарды жобаға қатысуға шақырамыз. Оқыту елорданың 4 ауданындағы 15 оқу сыныбында практикалық жаттығулар, кейстер, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезіндегі білгілі бір түсініктер мен біліктіліктерді жүйелеуге арналған іскерлік ойындар ды қолдана отырып "Атамекен" ҰКП әзірлеген материал базасында жүргізіледі", – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

Жобаға қатысу жастарға кәсіпкерлік негіздерін оқу, өзіне қажетті ниша табу, жеке бизнес ашу, сондай-ақ, 200 АЕК (505 мың теңге) көлеміндегі грант немесе жеңілдікпен несие түрінде бастапқы капитал алуға мүмкіндік береді.

 Жобаға қатысу үшін жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасын (egov.kz) өткізіп, өтінімін жолдау қажет.

Ақпарат алу үшін "Атамекен" ҚР ҰКП call-орталығына 1432 (Қазақстан бойынша тегін) хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу