Сәбидің анасының жағдайы жақсы және перзентханада шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Астананың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.
7 қарашаға қараған түні №3 перзентханада 25 мыңыншы сәби (2016 жыл басынан бері) дүниеге келді. Жаңа туған сәбидің анасы Әсем Жанайдарованың айтуынша, баланың салмағы 2688 грамм, ал бойы 48 см. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының өкілдері елорданың жаңа туған 25 мыңыншы сәбиіне тарту жасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу