Астанада 7-8 наурызда сауда, ойын-сауық орталықтарында мәдени-бұқаралық шаралар өтеді

1062

Астанада 7-8 наурызда сауда, ойын-сауық орталықтарында мәдени-бұқаралық шаралар өтеді

Халықаралық әйелдер күніне орай елорданың сауда, ойын-сауық орталықтарында ауқымды мәдени-бұқаралық шаралар өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

7 наурызда "Керуен" СОО сағат 14:00-де Қазақ Ұлттық Өнер университеті жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушыларының музыкалық концерті өтеді. 7-8 наурызда сағат 10:00-22:00 MEGA Astana СОО қолдан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылады. Astana mall СОО-да MamaEXPO жәрмеңкесі аясында балалар тегін шеберлік сыныптарға қатыса алады, аниматорлар келушілердің көңілін көтеріп, лотерея ұтысы өткізіледі, сондай-ақ, қызғалдақтар таратылады. 8 наурызда сағат 12.00-ден 14:00-ге дейін "Керуен" СОО-ның 3-қабатында печенье пісіру бойынша шеберлік сыныбы өтеді.

Сонымен қатар, "Аружан" СОО сағат 13:00-ден 17.00-ге дейін көпшілік назарына концерттік шоу-бағдарлама ұсынылады. Ұлттық және заманауи би билеу, балаларға арналған шоу бағдарлама, сыйлықтар мен Star Play паркінің сертификаттарының ұтысы өткізіледі. Сағат 13.00-де "Сарыарқа" СОО-да Relax студиясының концерттік бағдарламасы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. MEGA Astana СОО сағат 15:00-ден 16:00-ға дейін кем дегенде 5000 теңгеге сауда жасаған ханымдар жеңіліссіз лотерея ұтысына қатыса алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу