Астанада 7 жасар бала көлік айдап, жол апатына ұшырады

500

Оқиға орнынан фото мен бейнематериалдар әлеуметтік желіде жарияланды.    

Астанада 7 жасар бала көлік айдап, жол апатына ұшырады Фото: Видеодан скриншот

Астанада ересектердің қарауынсыз қалған 7 жасар бала әкесінің көлігінің кілтін алып, машинаны оталдырып, аулада тұрған бірнеше автокөлікке соғылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция баланың және оның ата-анасының жеке басын анықтағанын хабарлады.

"Бұл оқиға бойынша ата-аналар бала тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлу, көлік кілттері мен өзге де қауіпті заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді," – делінген Астана қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу