Астанада қоғамдық көлік жүргізушілері тапшы. Бұл туралы Астана LRT" ЖШС-нің директоры Бекмырза Игенбердинов айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Қала бойынша шамамен 900 жүргізуші жетіспейді. D санаты бар кейбір үміткерлер аймақтардан келеді. Қарасаңыз, тәжірибесі бар, еңбек кітапшасында жұмыс жасағаны туралы жазба да, мөр де бар. Алайда біліктілігін арттыру орталығына келіп, қарапайым жол ережелерін тапсыра алмайды, психологиялық тест туралы айтпай-ақ қояйын. Ондай адамдарды ірі қалада жүздеген адамды таситын көлікке қалай отырғызамыз?!", - деді "Астана LRT" басшысы.
Астананың қоғамдық көлік желісі 85 маршрутты қамтиды. Олардың 60-ы – қалалық, 7-і – экспресс бағдарлар, 18-і – қала маңына қатынайтын бағдарлар. Күн сайын маршрутқа 850 автобус шығады, оның ішінде 738 автобус қалалық маршруттарға, 47 автобус экспресс-бағыттарға және 65 автобус қала маңындағы маршруттарға қызмет көрсетеді.
Астананың қоғамдық көлік жүйесі 8 автобус паркіне қызмет көрсетеді. Олардың 1-і – коммуналдық және 7-і – жеке меншік парктер. Қаланың қоғамдық көлік автопаркі 1 082 автобустан тұрады. Қазіргі таңда 1,5 мың жүргізуші бар .