Елордалық полиция департаменті 21 қаңтарда Астанада арнайы жасақ қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Астана полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында шабуыл жасаған төрт адам да анықталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Ведомство тергеуге байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу