Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

694

Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысады.

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды Фото: Masa media

Сот отырысы елордадағы Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысады.

"Сотталушы ауа райының бұзылуына байланысты онлайн қатысады, кейін офлайн режимде қатысады", - деді судья Бағлан Ыдырысов.

 

Еске салайық, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынғаны белгілі болды. Ол кезде Мұхамедиұлы ұлттық музейді басқарып тұрған еді. 28 мамырда сот санкциясымен Мұхамедиұлына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу