Астанада автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

375

Әйел адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Астанада автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды Фото: видео скриншот

Елордада Тұран мен Сығанақ даңғылдарының қиылысында автобус әйелді басып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқыс оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында болған. Алған жарақатынан әйел тіл тартпай кетті.

- "102" нөміріне Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус Тұран даңғылына оңға бұрылған сәтте реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу