Астанада баспананы жалға берушілер Алматымен салыстырғанда 3 есе көп

1108

Астанада баспананы жалға берушілер Алматымен салыстырғанда 3 есе көп

Сарапшылар алғашқы және қайталама нарықтағы пәтерлердің сатылуы туралы 25 мың ұсынысты талдап, Астана мен Алматы нарығындағы өзгешеліктерді анықтады. Бұл туралы 7kun.kz жазып отыр.

Homsters.kz сервисінде жарияланған ұсыныстардың 50 %-дан астамы екі қалада – Астана мен Алматыда шоғырланған. Бұған қоса, бұл екі қала да жаңа үйлер нарығындағы ұсыныстардың саны жағынан оқ бойы озып тұр.  Сайтта жарияланған 380 тұрғын үй кешенінің 225-і – елордада, 130-і оңтүстік астанада орын тепкен.

Алматыда сатуға қойылған пәтерлердің 34%-ға жуығы ғана жаңа үйлердің үлесінде. Хабарландырулардың көбі – 70-80 жылдарда тұрғызылған үйлердегі апартаменттер. Оңтүстік астанадағы тұрғын үйлердің қайталама нарығына барлығы 8876 нысан шығарылған, оның 2800-і – жеке үй, қалғаны – пәтерлер.

Ал Астанада, керісінше, барлық ұсыныстың жартысынан астамы (49%) 2010-2016 жылдары пайдалануға берілген нысандарға тиесілі. Қайталама нарықта  7029 нысан ұсынылған, оның 562-і ғана – жеке үй.

Алматы мен Астанада бір шаршы метрдің орташа құны арасында айырмашылық бар, оңтүстік астанада баға шамамен 5%-ға арзан. Солай бола тұра, бұл екі мегаполисте де тұрғын үйдің шаршы метрінің құны республикамыздың өзге өңірлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары – бұл қалаларда баспана бағасы тіпті еліміздің ең ірі бес қаласының арасында да екі еседен жоғарлайды.

Алматыда пәтерді жалға алу Астанаға қарағанда екі еседей арзан. Дегенмен Алматыда жалға алу құны тұтынушы таңдаған ауданға қарай өзгеретін болса, елордада баға нысан орналасқан жерге онша тәуелді емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу