5-6 қарашада елорданың іргесінде танымал құсбегі Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің Халықаралық турнирі және Астана қаласының ашық біріншілігі өткізіледі, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Бұл жарыс алғашқы жылы республика көлемінде өтсе, биылғы жылы Халықаралық турнир деңгейіне қадам басты. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастыратын турнирге биыл көршілес Моңғолия және Қырғызстан елдерінің бүркітшілері мен еліміздің барлық облыстарының құсбегілері қатысады.
Жарыс Астанадан Қоянды ауылы бағытына шығатын Софиевка тас жолының бойында өтеді", – деп атап өтілген ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы баспасөз қызметінің мәліметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу