Астанада екі көлік соқтығысып, аударылып қалды

355

"Тойота" көлігінің жүргізушісі жеңіл дәрежеде алкогольге мас болғаны анықталды.   

Астанада екі көлік соқтығысып, аударылып қалды Фото: видеодан скриншот

Оқиға Абылайхан-Момышұлы көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 09:46 шамасында "Тойота" көлігін тізгіндеген 23 жастағы жүргізуші Қордай көшесі жақтан Момышұлы даңғылымен келе жатып, Абылайхан даңғылының қиылысында "Chevrolet Cobalt" маркалы көлікпен соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те аударылып қалған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Chevrolet Cobalt" көлігінің жүргізушісі мен "Тойота" көлігінің жолаушысы дене жарақатын алды. Олар дәрігердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді. Медициналық куәландыру нәтижесінде "Тойота" көлігінің жүргізушісі жеңіл дәрежеде алкогольге мас болғаны анықталды. Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр", деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу