Астанада екі проблемалық нысан пайдалануға берілді

872

Астанада екі проблемалық нысан пайдалануға берілді

Тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтаумен байланысты проблемалық нысандар Астана қаласы әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Осы бағыттағы жұмыстар Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) жұмысы аясында жүргізіледі, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

ВАК-пен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, "Айсанам" ТК және "Тұмар" ТК салушыларына рұқсат құжаттарын алу, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру бойынша құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетілді.

Қазіргі кезде "Азбука жилья" компаниялар тобының проблемалық нысандарының тізіміне енгізілген "Айсанам" ТК және "Тұмар" ТК тапсыру туралы қол қойылған акті қолда бар.

Аталған нысандардағы 920 пәтердің инвесторлары тұрғын үйге жеке меншік құқығын рәсімдей алады.

Барлық проблемалық нысандар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу