"Таңғы уақыттан бері елордада 135 жол-көлік оқиғасы тіркелді, адам зардап шекті. Қардың көп жаууына байланысты жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, тежегішті күрт баспауды, қашықтық пен аралықты сақтауды сұраймыз", - деп жазылған департамент хабарламасында.
Құқық қорғау органдары көлік жүргізушілеріне ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақ болуды ескертті. Жолдан өту кезінде дымқыл және тайғақ жолда көліктің тежелуі қиын. Сондықтан жолда өтерде мұқият болуларын сұрайды.
"Балалардың жол-көлік жарақатын болдырмау мақсатында жарыққа шағылысатын элементтерді пайдалануды ұсынамыз", - деп толықтырды елордалық ПД.