Астанада қатарынан 5 көлік соғысып қалды

391

Қалалық полиция департаменті оқиға 29 тамызда Тәуелсіздік-Панфилов қиылысында болғанын хабарлады.

Астанада қатарынан 5 көлік соғысып қалды Фото: видеодан алынған кадр

Астанада жеңіл көлік жүргізушісі көпірден төмен түсіп келе жатып, рөлгеие бола алмай алдында тұрған төрт көлікті соққан. Жүргізушілердің бірі зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты. 

"Тойота автокөлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік - Панфилов даңғылының қиылысында көпірден түсу кезінде рульге ие бола алмай, алдында тұрған төрт көлікке соқтығысқан. ЖКО салдарынан жүргізушілердің біріне медициналық көмек көрсетілді", – деп хабарлады ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу