Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Куәгерлер апаттың №111 мектептің маңында болғанын хабарлады.
"Көлік тұрғын үй кешеніне соғылды", – деп жазылған видеоның астында.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты болғанын растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше жүргізуші ауа райы жағдайын ескермеген.
"Тұран даңғылындағы үйдің ауласында Nissan көлігінің жүргізушісі ауа райы жағдайын (көктайғақ) ескермей, рөлді басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Көлік бордюрден өтіп, ғимараттың қаптамасына соғылған", – деп хабарлады департамент.
Полицияның мәліметінше жол апатынан көліктің жолаушысы жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.