Астанада көліктің мемлекеттік нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші ұсталды

554

Астанада жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі 2 тәулікке қамалды.    

Астанада көліктің мемлекеттік нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші ұсталды Фото: polisia.kz

Республика даңғылы бойында патрульдік қызмет барысында елордалық патрульдік полиция қызметкерлері Hyundai көлігін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жартылай жабылған  жүргізуші нөмірдегі әріптердің бірін қағазбен жапқан. Осылайша ер адам жол ережелерін бұзғаны үшін автоматты тіркеуден жалтарып, ақылы автотұрақтарда төлем жасаудан қашпақ болған.

Мемлекеттік нөмірлік белгіні әдейі бұрмалау немесе жартылай жасыру – жалған нөмірлік белгіні қолданумен тең деп саналады.

Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші 1 жыл көлік басқару құқығынан айырылып, 2 тәулікке қамауға алынды. Ал, автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу