Астанада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

398

Жауын-шашын мол болған кезде елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді. 

Астанада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Фото: Астана қаласы әкімдігінен

26 желтоқсан күні таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2300-нан астам жол жұмысшылары мен 1300-ге жуық арнайы техника шықты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Бірінші кезекте қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін негізгі магистральдер қардан тазартылады. Одан әрі қозғалыс қарқыны орташа – алаңдар, вокзал маңы мен тратуарлар қардан тазартылады.

Айта кету керек, жауын-шашын басталғалы елорда полигонына 600 мың текше метрден астам қар шығарылды, және бұл 45 мың рейсті құрайды.

Еске сала кетейік, Астанада 26 желтоқсан күні боран, көктайғақ болады және желдің екпіні 28 м/с жетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу