Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 желтоқсан күні таңертеңнен бері қалада 50 жол-көлік оқиғасы орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, күрт тежемеуді және қашықтықты сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақтық танытып, жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуі керек. Жол қозғалысы ережелерін елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу