ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов Астанада қызды зорлағаны үшін кәмелетке толмаған төрт баланың ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Өкінішке орай, осындай факті орын алды. Біз күдіктілерді бірден анықтап, ұстадық. Олар – кәмелетке толмағандар. Қазіргі таңда, қылмыстық іс қозғалып жатыр. Кәмелетке толмаған төрт бала ұсталды", – деп түсіндірді ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Еске сала кетсек, 30 қаңтар күні Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Астанада қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің фактісі туралы жария етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу