Астанада ломбардтан алтын алқа ұрлаған шетелдік азамат ұсталды

540

Танысына сатып жіберген алтын алқаны полиция тәркіледі.  

Астанада ломбардтан алтын алқа ұрлаған шетелдік азамат ұсталды Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Алматы ауданының жедел уәкілдері ұрлыққа қатысы бар Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматын анықтады.

Кешкі уақытта ер адам ломбардқа барған. Зергерлік бұйымдарды қарастырып, оның көзіне 312 мың теңге тұратын алтын алқа түскен. Сатып аламын деген сылтаумен ол ломбард қызметкерінен, өлшеп көру үшін әшекейді сұраған және ала салысымен қашып кеткен. Ломбард қызметкері ер адамның соңынан қуып жетуге тырысқан, алайда ол қашып үлгерген.

Қазіргі уақытта шетелдікке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу