Осыған орай Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы жүргізушілерді көлікті тек рұқсат етілген орындарға қоюды ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Орталықтың мәліметінше, көлікті белгіленбеген жерге тоқтату немесе тұраққа қою жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Әсіресе жаяу жүргіншілер өткелінің маңына қойылған көліктер балалар мен өзге де жаяу жүргіншілерге жолды көруді қиындатады. Соның салдарынан олар жолдың жүріс бөлігіне шығуға мәжбүр болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, дұрыс қойылмаған көліктер жедел жәрдем, өрт сөндіру және полиция көліктерінің қозғалысына кедергі келтіреді. Мұндай жағдайда арнайы қызметтердің оқиға орнына уақытылы жетуі қиындауы ықтимал.
Оқу жылы басталған кезде мектептер мен балабақшалардың айналасында жаяу жүретін балалардың саны көбейеді. Сондықтан білім беру ұйымдарына апаратын жолдардың ашық болуы және жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі көріністің шектелмеуі маңызды.
Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын сақтап, тыйым салатын белгілердің әрекет ету аймағында және жаяу жүргіншілер өткелдерінде көлік қоймауға кеңес берді.
"Көлікті рұқсат етілген орынға қою – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әр жүргізушінің қосқан үлесі", – деп атап өтті орталық мамандары.