Астанада мектеп жәрмеңкелері 12 тамыз күні ашылады

451

Отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсына алады. 

Астанада мектеп жәрмеңкелері 12 тамыз күні ашылады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Осы жылдың 12 тамызынан бастап Астанада бес орында мектеп жәрмеңкелерін өткізу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге айдың соңына дейін әр сенбі мен жексенбі күндері баруға болады: тамыз айының 12, 13, 19, 20, 26, 27 күндері.

Олар келесі орындарда орналасады:

  • Нұра ауданындағы цирк тұрағы;
  • Байқоңыр ауданындағы "Тұлпар" сауда үйі алдындағы "Аймақтау" сауда үйінің тұрағы;
  • Сарыарқа ауданындағы Demalys Promenade аллеясы, Қосшығұлұлы көшесі, 14;
  • Есіл ауданындағы Ботаникалық бақтың тұрағы;
  • Алматы ауданындағы Абылай хан даңғылы, 20а.

Қазіргі уақытта аталған жәрмеңкелерге қатысу үшін "Атамекен" ӨКП-мен бірлесіп отандық тауар өндірушілердің тізбесі пысықталып жатыр, сондай-ақ жергілікті шеберлер мен қолөнершілерге қолдау көрсету мақсатында "Хас шебер" бірлестігін (Зиуар) тарту жоспарланып отыр. Жоспар бойынша шамамен 10-15 отандық тауар өндіруші қатысады.

Жалпы қаланың түрлі орындарында жәрмеңке өткізу тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жәрмеңке отандық мектеп формасы мен басқа да тауар өндірушілерге өз өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлерге арналған орындар сатып алушылар үшін қолайлы бағалар шартымен өтеусіз негізде беріледі.

Қазіргі уақытта қала аудандарының әкімдіктері қатысушылар үшін (сауда шатырлары, үстелдер мен орындықтар) және келушілер үшін өлшеу аймақтары түрінде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу