Астанада мереке күндері қоғамдық тәртіпті 1500 полицей қадағалайды

898

Астанада мереке күндері қоғамдық тәртіпті 1500 полицей қадағалайды

Жаңа жыл мерекесі атап өтілетін кезеңде 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында және қаңтардың 7-сі мен 8-і күндері Астана Ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет кестесіне көшіріледі. ҚР ІІМ полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері жалпы саны 1500 адам қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдырылады. Сонда й-ақ, мереке күндері автопатрульдер көптеп тартылатын болады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

ІІД хабарлауынша, қазіргі уақытта қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін толық шаралар кешені жүргізілуде. Оқиға орнына дер кезінде жету үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатудың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізілуде. Тыйым салынған заттарды әкелуге жол бермеу үшін бақылау күшейтілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу