Астанада минивэн жүргізушісі автобус аялдамасын қиратты

326

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті хабарлады.  

Астанада минивэн жүргізушісі автобус аялдамасын қиратты Фото: Видеодан скриншот

Астанада Орталық саябақтың жанындағы автотұрақта минивэн жүргізушісі автобус аялдамасын соқты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі газ педальдары мен тежегіштерді шатастырып, автобус аялдамасына соғылғаны анықталды. Соққыдан аялдаманың әйнегі сынған", – деді қалалық Полиция департаменті.

Ведомство оқиға салдарынан зардап шеккендердің жоқ екенін нақтылады.

Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама жасады. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, мүлікке келтірілген залал заңда белгіленген тәртіппен өндірілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу