Астанада Никола Теслаға көше атауы беріледі

956

Астанада Никола Теслаға көше атауы беріледі

Астанадағы көшенің біріне Никола Тесланың аты берілмек. Бүгін ҚР Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевпен кездескеннен кейін Сербия Премьер-Министрі Александр Вучич осылай мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербияға сапарынан кейін өзара іс-қимылдар үшін жақсы мүмкіндіктер ашылды және оны экономикалық және мәдени қатынастарды дамыту үшін пайдалану қажет. Осыған байланысты Белградта ескерткіштің ашылуы, сондай-ақ ертең Астанадағы көшелердің біріне Никола Тесла есімінің берілуі мен Белградта Қазақстан көшесінің ашылуы екі елдің арасындағы қатынастарды ары қарай дамытуға ықпал ететіні анық", – деді Александр Вучич.

Өз кезегінде ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның барлық халықаралық бастамаларын алға жылжытуға білдірген қолдаулары үшін сербиялық тарапқа алғысын жеткізді. Никола Тесла – электротехника мен радиотехника саласындағы өнертапқыш, инженер, физик. Шығу тегі серб саналатын ғалым физика ғылымының қарқынды дамуына сүбелі үлес қосты. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл тамыз айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербияға ресми сапары аясында Белградтың орталық көшелерінің бірінің бойындағы шағын алаңда қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың мүсінін ашты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу