Астанада нөмірін жасыратын құрылғы қолданған мотоцикл жүргізушісі жазаланды

317

Harley-Davidson мінген 38 жастағы жүргізуші бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алынды.  

Астанада нөмірін жасыратын құрылғы қолданған мотоцикл жүргізушісі жазаланды Фото: gov.kz

Астанада мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жасыруға арналған арнайы құрылғы пайдаланған мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылық "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталған. Оқиға Аман көшесінде тіркелген.

Полиция қызметкерлері Harley-Davidson маркалы мотоциклді басқарған 38 жастағы жүргізушіні тоқтатқан. Тексеру барысында көлік құралының мемлекеттік нөмір белгілерін анықтауға кедергі келтіретін арнайы құрылғымен жабдықталғаны белгілі болған.

Аталған факті бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен құқық бұзушы бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция департаменті мемлекеттік нөмір белгілерін жасыруға, өзгертуге немесе олардың сәйкестендірілуіне кедергі келтіретін құрылғыларды пайдалануға заңмен тыйым салынғанын еске салды.

Ведомство жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу