Астанада оқушы баспалдақтан құлап кетті: Қылмыстық іс қозғалды

746

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мектеп баспалдағынан құлаған оқушының жағдайына қатысты пікір білдірді. 

Астанада оқушы баспалдақтан құлап кетті: Қылмыстық іс қозғалды Фото: бейнеден скриншот

Оның айтуынша, мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

“Баланың анасымен хабарласып отырмын. Бүгінде баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі”, - деп жазды балалар омбудсмені желідегі парақшасында.

Динара Зәкиеваның сөзінше, оқушы сұрақтарға жауап беріп, дәрігерлердің нұсқауларын орындайды.

“Когнитивті функциясы сақталған. Көз қарашығы бірдей, фотореакция сақталған. Комаға түспеген. Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің оқу жылына дайындық сапасы бойынша тексеру жүргізілуде”, - деді ол.

Еске салайық, осыған дейін  елордалық оқушы баспалдақтан құлап кетіп, комаға түскенін жазған болатынбыз. Осы жайтқа қатысты қалалық білім басқармасы түсінік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу