Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты

335

Тергеу амалдары басталды.  

Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты Фото: 811.kz

Астанада өрт сөндіру қызметінің көлігі бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылының қиылысында болған.

"Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі тыйым салынған бағдаршам сигналына өтіп кетіп, Kia маркалы көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Kia автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Кейін 52 жастағы жолаушы әйел алған жарақатынан қайтыс болды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу