Астанада отандық тауар өндірушілердің III форумы өтіп жатыр

842

Астанада отандық тауар өндірушілердің III форумы өтіп жатыр

"Көрме" орталығында "Ұлы Дала елі" отандық тауар өндірушілердің III форумы өз жұмысын бастады. Оған шағын және орта бизнестің 350-ден астам кәсіпорны қатысуда, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Іс-шарада "Сатып алу, өткізу, сауда және экспорт" тақырыптары талқыланады деп жоспарлануда.

"Атамекен" КҰП хабарлағандай, форумның басты идеясы отандық тауар өндірушілерге өнімнің ірі сатып алушыларымен сапаны жақсарту, өнімді ілгерілету, сатып алудың ашықтығын арттыру, экспортқа шығу мәселелерін талқылауға мүмкіндік беру болып табылады.

Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілер форумы аясында 28-30 шілдеде "Қазақстанның үздік тауары" байқауының өңірлік жеңімпаздары тауарының және "Қазақстанда жасалған" көрмесінің 206 компаниясы өндірісінің республикалық байқау-көрмесі өтеді.

Форумды ұйымдастырушылар "Атамекен" ҚР ҰКП мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" болып табылатынын айта кеткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу