Астанада пышақталған мешіт қызметкерінің жағдайы белгілі болды

608

Науқастың жағдайы өте ауыр.  

Астанада пышақталған мешіт қызметкерінің жағдайы белгілі болды Фото: Aikyn.kz

Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"14 наурыз күні пышақ жарақатын алған науқас ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен Астанадағы №3 көпбейінді қалалық ауруханасына жеткізілді. Оған шұғыл түрде ем жүргізілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр болып қалып отыр. Жақсару динамикасы байқалады. Жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінде пациентті емдеу жалғасуда", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған оқиғаға қатысы бар адам қылмыс орнында ұсталды. Ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кеткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу