Астанада шағын аудандағы су құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

933

Астанада шағын аудандағы су құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

"Астана су арнасы" МКК хабарлауынша, Асан қайғы к-сі, 4 жанында Иманов көшесінен Кравцов көшесіне дейінгі учаскеде диаметрі 600 мм тот басқан су құбыры жарылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астана әкімі Әсет Исекешев қала басшысының орынбасары Қ. Айтмұхаметовтың, "Астана су арнасы" МКК бас директоры Т. Зейноқабденовтың, сонымен қатар, басқа да коммуналдық қызметтердің өкілдерінің қатысуымен көшпелі жиын өткізді.

"Астана су арнасы" мамандарының айтуынша, апат салдарын жоюға бір тәулік уақыт қажет. Тұрғындарға көлікпен су жеткізілді.

Еске салайық, 20 ақпанда сағат таңғы 5-те "Астана су арнасының" авариялық-диспетчерлік қызметіне су құбырының бұзылғаны туралы ақпарат келіп түсті. 12 адамнан тұратын бригада апат салдарын жоюға кірісті. 20 ақпандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, Т. Хусейн к-сі, 13, 13/1, 13/2, 15, 15/1, 15/2, 15/3, 15/4; Кравцов к-сі, 2, 2/2, 4, 4/1, 5, 5/1 мекен жайлары бойынша сумен жабдықтау жұмыстары қалпына келтірілді.

Қазіргі кезде Асан қайғы к-сі, 1, 4; Кравцов к-сі, 1, 1/1; Тархан к-сі, 2, 4, 6, 8, 10 мекен жайлары бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Апат салдарын жою жұмыстары 21 ақпанда сағат 10.0-де толық аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу