Астанада шығармашылық зиялыларының форумы өтеді

1122

Астанада шығармашылық зиялыларының форумы өтеді

9 қарашада Астанада "Тәуелсіздік. Әдебиет. Қаламгер" тақырыбымен еліміздің шығармашылық зиялыларының форумы өтеді.

"Көрме" орталығында өтетін форум жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі ақын-жазушылар, еліміздің зиялы қауым өкілдері, білім және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, кітапханашылар, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысады.  

Форумның негізгі міндеттері – қоғамның әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылықтарын дамыту құралы, мәдениеттің маңызды элементі ретіндегі оқуға жан-жақты қолдау көрсету, қазақстандық ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттауға және оқырмандардың сүйікті авторларын анықтауға септесу.    

Форумда "қазіргі қоғамдағы әдебиеттің рөлі мен орны", "адам өміріндегі Кітаптың құндылығының мән-маңызы", "Кітапхана Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясы өкілдерін бірлестіру орталығы ретінде", "Кітапхана – Кітап – Жазушы" тәрізді тақырыптар қарастырылады.  

Қазақстандағы Тәуелсіздік жылдарында талантты ақын-жазушылардың тұтас тобы пайда болды, қаламгерлер қазақ әдебиетіндегі салт-дәстүрді әрі қарай жалғастыра отырып, Отанымыздың Тәуелсіздігін қалыптастыру мен дамытуға үлес қосатын болады. Оқырмандар арасында танымал авторларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Facebook парақшасында 3 қарашадан 7 қарашаға дейін "Тәуелсіздік. Әдебиет. Қаламгер" тақырыбындағы байқауға онлайн-дауыс беру жүргізілді.

Форумда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Байқау қорытындысына қарай мынадай номинациялар:  "Үздік жазушы", "Үздік ақын", "Үздік балалар жазушысы", "Үздік балалар ақыны", "Үздік драматург" бойынша 25 конкурсант марапатталады. Сондай-ақ басқа да байқау қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі. 

Форумды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырып отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу