Астанада СҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

2100

Аталмыш шараға Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарынан 115 кәсіпорын қатысады. Онда 100-ден астам өнім жиынтығы саудаға шығарылады.

Астанада СҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

20-21 қазанда Астанада Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке  "Қазақстан" спорт кешенінің автотұрақ аймағында өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш шараға Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарынан 115 кәсіпорын қатысады. Онда 100-ден астам өнімдер жиынтығы саудаға шығарылады.

Екі күн өтетін жәрмеңкеге 725 тонна көлемінде азық-түлік тауар түрлері келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортименті  - сиыр, жылқы, қой, құс және шошқа  еттері, шұжық өнімдері, қалбырдағы ет. Сол сияқты кондитер, макарон бұйымдары, жарма, сүт өнімдері, қымыз, бал, ұн, картоп және көкөніс.

Жәрмеңке таңғы сағат 9:00-ден күндізгі 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Әкелінген өнімдердің бағасы Астана базарларындағы бағадан 15-20%-ға арзан болады. Жәрмеңкеге келушілерге Солтүстік Қазақстан облысының өнер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу