Азамат Құсайынов елордада төрт аймақта – орталық жағажайда, "Три пескаря", "Столичный двор" демалыс орындарында және Бейсеков көпірінің жанындағы алаңда суға ресми түрде рұқсат етілгенін айтты.
Оның айтуынша, елордалық құтқарушылар шомылу маусымының басталуына дайындықты бастап кеткен: су қоймаларының маңында ескерту белгілерін орнатып, қатар қала мектептерінде дәрістер оқып жатыр.
"Суға шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда басталады. Арнайы жабдықталған орындарда, бассейндерде, құтқарушылар бар жағажайларда шомылу керек. Дені сау адамдардың қауіпсіз шомылуы үшін судың төменгі температурасы +18, ал ауа температурасы кем дегенде +23 болуы керек. Бірақ балалар мен науқастар үшін мұндай шомылу температурасы денсаулық пен өмірге қауіпті", А.Құсайынов.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 80% жағдайда адамдар мас күйінде, сондай-ақ жабдықталмаған және бейтаныс жерлерде шомылу салдарынан суға батып кетеді.