Астанада тағы бір көше жөндеуге байланысты жабылды

211

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Астанада тағы бір көше жөндеуге байланысты жабылды Фото: astana-akshamy.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы жылдың 30-31 мамыр аралығында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу