Астанада толассыз жауған қар коммуналдық қызметтерді аяғынан тік тұрғызды

1222

Астанада толассыз жауған қар коммуналдық қызметтерді аяғынан тік тұрғызды

Ауа температурасының күрт төмендеп, жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Астана қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

"Астана Тазалық" ЖШС-нің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күннің өзінде қала аумағын тазалап, жолдарға құм-тұз қоспасын себу үшін 139 арнаулы техника мен 250-ден астам адам жұмылдырылды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде елордада күн бұлттанып, оқтын-оқтын қар жауады, сырғыма боран соғып, көктайғақ болады. Ертең, 20 қазанда ауа температурасы түнде -4 -6° С, күндіз  -1 -ден +1°С-ге дейін.

21 қазанда ауа температурасы түнде -6 -8°С дейін төмендеп, күндіз 1 - 3°С нөлден төмен.

22 қазанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауып, сырғыма боран соғады. Солтүстіктен 914 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -2 -4°С.

ҚазАқпарат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу