Астанада төртем дүниеге келді

1140

Астанада төртем дүниеге келді

Елордада 34 жастағы ана дүниеге төртем (екеуі ұл, екеуі қыз) әкелді, деп хабарлады Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

"2016 жылғы 2 желтоқсанда сағат 17.33-те қуанышты оқиға болды. Астана қаласы №1 перинаталдық орталығында төртем дүниеге келді. Анасы мен нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында", – делінген хабарламада. Ведомствода нақтылағандай, нәрестелер кесарь тілігі арқылы өмірге келді. Ер балалардың салмағы – 1490 және 1070, қыздардың салмағы – 1140 және 1070 грамм.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу