Астанада түнгі дрифт үшін жүргізуші 10 тәулікке қамалды

262

22 жастағы жігіттің көлігі айыптұраққа қойылды.

Астанада түнгі дрифт үшін жүргізуші 10 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Астанада түнгі уақытта жолда дрифт жасап, қауіпті маневрлерге барған 22 жастағы жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға түнгі сағат 00:00 шамасында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ Lada автокөлігінің жүргізушісін байқап, оның жолдың жүріс бөлігінде қауіпті маневрлер жасағанын анықтады.

Полицейлер жүргізушіні тоқтатып, іс материалдарын сотқа жолдады. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу