Тұран даңғылында Сарайшық көшесінен бастап "Тұлпар" көпіріне дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар кезең-кезеңімен атқарылмақ. Осыған байланысты 6-8 шілде аралығында Тұран даңғылынан Сарайшық көшесінен бастап Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Сонымен қатар 8-10 шілде аралығында Қорғалжын тасжолынан "Тұлпар" көпіріне дейінгі учаскеде қозғалысқа толығымен тыйым салынады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу