Астанада Үндістан мен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуі басталды

391

Қазақстан — Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтық транзиттік тасымалдар жүйесіндегі маңызды буын. 

Астанада Үндістан мен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуі басталды Фото: Адлет Беремкулов

Астанада Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілердің Үндістан мен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларының екінші кездесуі басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Кездесуде қатысушы мемлекеттер бірлесе атқаратын бірқатар міндеттерді талқылайды. Мысалы, халықаралық терроризм, экстремизм, есірткі трафигі және трансұлттық қылмысқа төтеп беру жолдарын қарастыру қажет.

Барлығының түбі Ауғанстандағы қалыптасқан әскери-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай болып отыр. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін нығайту Орталық Азия мемлекеттері мен Үндістанның ортақ басты міндетіне айналды.

"Бұл бағыттағы байланыстар күшейе түсті. Алғашқы диалог өткізілгеннен кейін біз осы жылдың наурыз айында ШЫҰ форматында кездестік. Жалпы, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік саласындағы ахуал біздің диалогты іске қосудың дұрыстығы мен уақтылығын көрсетеді. Бұл қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша күш-жігерімізді біріктіруге жақсы мүмкіндік, - деді кездесуде Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов.

Ол сондай-ақ қазір Қытайда іс-сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемдемесін оқып берді.

"Қазірдің өзінде Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтық транзиттік тасымалдар жүйесіндегі маңызды буынына айналды. Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі көліктік байланыс мәселелерін шешу біздің жан-жақты ынтымақтастығымызды сапалы жаңа деңгейге шығарады деген үміттемін. Біздің елдеріміз, сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне тап болды, оларға қарсы тұру үшін бір-бірімен озық тәжірибелер мен технологиялармен алмасу пайдалы болады. Сонымен қатар, ақпаратпен және талдамалық бағалаулармен, оның ішінде өңірлік қауіпсіздік архитектурасына қатысты жаңа тәсілдерге қатысты тұрақты байланыстың маңыздылығын атап өткім келеді", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, Орталық Азия мен Үндістан елдері сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту үшін берік негіз қалады деп санайды. Сондай-ақ, ол осы форматтағы көпжақты диалог қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге ден қою жөніндегі бірлескен шараларды іске асыру үшін пәрменді алаң болатынына сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу