"Ұлы дала елі" брендінің иегерлері анықталды

1139

Марапатты жеңімпаздарға "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев өз қолымен тапсырды.

"Ұлы дала елі" брендінің иегерлері анықталды

Президенттің "Алтын сапа" сыйлығының және "Қазақстанның үздік тауарлары" көрме байқауының лауреаттарын марапаттауға арналған жыл сайынғы салтанатты рәсім аясында "Ұлы дала елі" қолшатырлық брендін пайдалану құқығын тағайындау бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Марапатты жеңімпаздарға "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев өз қолымен тапсырды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша енді бұл брендті келесі жылы төрт кәсіпорын қолдану мәртебесіне ие болды. Атап айтқанда, осы жылы астаналық "ПИК "ASTANA Ютария ltd" ЖШС, жетісулық "КНАУФ ГИПС КАПЧАГАЙ" ЖШС, батысқазақстандық "Орал трансформатор зауыты" және қостанайлық "МИЛХ" ЖШС жеңімпаз атанды.

Биылғы жылы "Ұлы дала елі" байқауы Азия даму банкінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Аталған сыйлықты "Атамекен" КҰП 2016 жылы тағайындаған болатын.

Ол өз өнімдерін экспортқа бағдарлаған үздік кәсіпорындарға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу