19 336 гектар болатын "Нұра" ауданының шекарасы келесідей белгіленді:
Есіл өзені бойымен қаланың батыс бөлігінде шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағы және Қарқаралы тасжолының батыс жағымен қаланың оңтүстік шекарасына дейін.
Айта кетейік, жаңа ауданға "Нұра" атауын беру ұсынысы Астананың ономастика комиссиясының отырысында, Астана мәслихатының қоғамдық тыңдауларында, Астана қоғамдық кеңесінің отырысында және өзге де инстанцияларда қаралып, қолдау тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу