Астанада жоғалып кеткен оқушы табылды

463

30 қазан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған оқушы бала табылды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді.   

Астанада жоғалып кеткен оқушы табылды Фото: Астана ПД баспасөз қызметі

Бала үйінен өз еркімен кетіп қалғаны және қала ішінен табылғаны белгілі болды.

Айта кетсек, полиция сол баланың бұған дейін де үйінен кетіп қалған оқиға болғанын айтты.

"Қазіргі уақытта бала жүруі мүмкін бағыттардың бәріндегі бейнебақылау камералары тексерілуде. Мұнан бөлек, кәмелетке толмаған жасөспірімнің бірінші рет жоғалмағаны анықталды. Нәтижесіне қарай отбасы жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауына алынады", - деп нақтылаған еді ведомстводан.

 Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде оқушының туған-туыстары мен жақындары оның жоғалғаны туралы ақпарат таратты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу