Қазіргі уақытта 37 жастағы ер адам ұсталып, 30 тәулікке қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл оқиға туралы Астана қаласы Полиция департаменті мәлімдеді. Жол апаты Бейсекова көшесінде тіркелген. Күдікті LADA Granta автокөлігімен SKODA маркалы көлікке соққан. Жол-көлік оқиғасы қос көлікке де айтарлықтай материалдық шығын келтірді. Абырой болғанда, адам аман.
Жол апатынан соң бой тасалаған ер адамды полиция жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде оңай ұстап, полиция бөліміне жеткізген.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 4-бөлігіне сәйкес, әкімшілік іс қозғалып отыр. Сот шешімімен құқық бұзушы 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
– Жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың көлік жүргізуі – жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы. Мұндай әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, – деп ескертеді Астана қаласының Полиция департаменті.