Астанада жолаушылар автобусы тепловозға соғылды

472

Зардап шеккендер жоқ.

Астанада жолаушылар автобусы тепловозға соғылды

Елордада №30 бағдардағы қоғамдық көлік тепловозға соғылды.

31 тамыз, сағат 21:40-та Тайбұрыл көшесінен Үшқоңыр көшесі бағытындағы өткелде №30 қоғамдық автобустың жүргізушісі жол ережесін бұзып (теміржол өткеліндегі жол белгілерінің талаптарын сақтамау және бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемеу), тепловозбен соқтығысты, - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушінің жолаушылар көлігі саласындағы еңбек өтілі – 30 жыл. №1 автобус паркінде 10 жыл жұмыс істейді. Рейс алдында (сағат 05:30-да) медициналық тексеруден өткен. Жүргізуші разнарядқа сәйкес, демалыс күнінен кейін 1-ші күн жұмысқа шыққан. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, CTS компаниясының біліктілік орталығына қайта даярлауға жіберілді, - деп толықтырды аталған мекемеден.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу