Белгісіз біреулер металл конструкцияларды зират басынан жасырын түрде алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген заңсыз металл қабылдау пунктін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Металл қабылдауды 38 жастағы ер адам ұйымдастырған. Тексеру кезінде аумақтан 8 металл қоршау, 11 құлпытас, 2 крест және 2 металл үстел табылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұрлыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу