Астанадағы электр станцияларының жұмысы толықтай қалпына келтірілді

361

10 қосалқы станция штаттық режимде жұмыс істейді.

Астанадағы электр станцияларының жұмысы толықтай қалпына келтірілді Фото: inbusiness.kz

Елордада электр энергиясын жеткізу толығымен қалпына келтірілді. 30 қазан күні сағат 01:00-ге сәйкес елорданың барлық 10 қосалқы станциясы штаттық режимде жұмыс істейді. Жедел токтар қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазір қала бойынша "Астана-АЭК" АҚ-ның мынадай бригадалары жұмыс істейді:

- Кернеуі 0.4 / 10 кВ электр желілерімен жұмыс істеуге арналған 5 жедел персонал бригадасы;
- кернеуі 110 кВ электр желілерімен жұмыс істеуге арналған 4 жедел персонал бригадасы;
- қосалқы станцияларға қызмет көрсетуге жауапты 4 бригада;
- релелік қорғанысқа мамандандырылған 5 бригада.

Бұл бригадалар электр схемаларына сәйкес тарату және трансформатор пунктері арқылы электр қуатын беруді қалпына келтіреді.

Еске сала кетсек, кеше түнде Астанадағы үйлердің басым бөлігі жарықсыз қалды. Кейін шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек жарықтың не үшін сөніп қалғанын түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу