Астанада жантүршігерлік жол апаты болды

222

Көлік Сарайшық көпірінде қоршауға соғылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада жантүршігерлік жол апаты болды Фото: instagram/astana sergek

Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен көпірдің қоршауына соғылған.

"Оқиға салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу