Астанадағы ойын-сауық орталықтары мерекелік шаралар ұйымдастырады

2394

Астанадағы ойын-сауық орталықтары мерекелік шаралар ұйымдастырады

Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары астанадағы сауда ойын-сауық орталығына баратын болса, оларды қызықты іс-шаралар күтіп тұр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгін "Asia Park" СОСО гүлдер жәрмеңкесі болады, ал 8 наурыз күні мұнда балалар үшін тегін аквагрим жасап береді. 

"Keruen" СОСО "Әйелдерге арналған 50 мамандық" атты фотокөрме өтеді.

"MEGA Silk Way" СОСО MEZZO группасы құттықтау жолдайды және "На встречу весне" музыкалық экспромты болады. 

"Сарыарқа" СОСО 9 наурыз күні қыздар мен әйелдерге арналған тегін мейк, бьюти процедурасы мен маникюр жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу